Almaty Marathon-2025 әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушының басын қосты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгін Алматы тағы да жүгірушілер астанасына айналды. Қалада күздің ең ірі спорттық оқиғасы Almaty Marathon – 2025. Биыл ауқымды жарыс 14-ші рет өткізіліп, кәсіпқойлар мен әуесқойларды 10-нан 42,2 шақырымға дейінгі қашықтықта біріктірді.
Жыл өткен сайын Almaty Marathon ауқымы кеңейіп келеді: егер 2012 жылы алғашқы сайысқа бірнеше мың адам ғана қатысса, бүгінде әлемнің 60-тан астам елінен 16 мың қатысушыны жинады. Бұл марафон тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі.
Таңнан бастап мегаполисте мерекелік ахуал орнады, көңілді музыка, спортшылардың жарқын күлкісі және жүздеген еріктінің қолдауы ерекше көңіл-күй сыйлайды. Жыл сайын марафон өзінің халықаралық мәртебесін растай отырып, адамдарды көптеп тартады.
«Мен Almaty Marathon-ға алғаш рет қатысып отырмын. Мен өзімнің төзімділігімді тексеріп, өзімді сынап көргім келді. Мен 10 шақырым қашықтықты таңдадым»,- дейді Әлімұрат Бегенов.
«Мен бірнеше апта бұрын ғана жүгіре бастадым. Мен өзімді сынап, кедергілерді жеңуге бел будым. Бүгін көше брйымен 10 шақырым жүгіремін. Мен жүгіру клубындамын және менің жанымда көптеген әріптесім мен досым бар. Барлығына сәттілік тілеймін!»,- деді блогер Никита Цыганков.
«Мен үшін бұл екінші марафон. Былтыр бірінші рет өзімді сынап көрдім. Салауатты өмір салтын ұстанамын, дәрігер болып жұмыс істеймін және бүгін марафонға досыммен бірге келдім», - деп атап өтті Дина Кәрібаева.
Аlatau aqparat медиа холдингінің «Вечерний Алматы» газетінің журналисі Айгүл Колумбетова екінші рет 10 шақырым қашықтыққа шықты. Ол тағы да холдингтің спорттық жетістіктерінің қоржынына медаль алып, марафонға қатысу оның дәстүрі мен шабыт көзі болғанын атап өтті.
«Мен үшін марафонға қатысу бұл жай ғана спорт емес. Өткен жылы мен бірінші рет қатысып, өзімді сынап көрдім. Ал бүгін қатарынан екінші рет сайысқа шығып, медальмен қайта оралдым. Бұл әрі қарай жүгіруге шабыт береді »,- деді Айгүл Колумбетова.
Қазақстандықтармен қатар шетелдік жүгірушілер де жарысқа шықты. Олардың арасында филиппиндік Джона Флорида бар:
«Мыңдаған адаммен бірге жүгіру керемет сезім. Атмосфера шабыттандырады және көрермендердің қолдауы әр шақырымды ерекше етеді. Маған Алматы қатты ұнады. Мен мұнда тағы бір рет келуді жоспарлап отырмын. Мен осы марафонның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын».
Ұйымдастырушылар медициналық қолдауға ерекше назар аударды. Бағыт бойынша 13 медициналық пункт жұмыс істейді, 12 жедел жәрдем көлігі, 10 велодоктор және 90-ға жуық медициналық еріктілер кезекшілік етеді. Мұның бәрі қажет болуы мүмкін кез келген адамға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Жол бойындағы көрермендер қошемет көрсетіп, айғайлап, жүгірушілерге маршрутты жеңіл бағындыруға көмектеседі.
Almaty Marathon-2025 бұл жай ғана спорттық жарыс емес, салауатты және белсенді өмір салтына қалыптастыруда мыңдаған адамды біріктіретін ерекше оқиға екенін тағы да дәлелдеді. Сонымен қатар, марафон ондаған елден спортшылар мен әуесқойларды жинап, Алматының өңірдің марафон орталығы ретіндегі позициясын нығайтуда. Мегаполис Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру орталығы мәртебесін тағы да растады.