Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Оқу-ағарту министрі жаңадан тағайындалды.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, лауазымға Жұлдыз Сүлейменова келді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды" Ақорда
Жұлдыз Сүлейменова - 1983 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Білімі:
- 2000-2004 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Тарих факультеті, "Тарих" мамандығы бойынша бакалавриат;
- 2006-2008 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, "Мәдениеттану" мамандығы бойынша докторантура;
- 2008-2011 жж. ҚазҰУ докторантурасын "Философия және саясаттану" мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы "Мәдениеттану" мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.
Еңбек өтілімі:
- 2000-2004 жылдары — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзіндік басқарма төрағасы болды.
- 2004-2006 жылдары — Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды.
- 2006-2007 жылдары — "Отан" Республикалық саяси партиясы филиалының Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, "Жас Отан" Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары болды.
- 2007-2008 жылдары — Ы. Алтынсарин №159 көпсалалы гимназиясының тарих және құқық пәнінің мұғалімі (Алматы) болды.
- 2010-2011 жылдары — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректорының орынбасары, жастар әкімшілігінің төрағасы болды.
- 2011 ж. — Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы болды.
- 2011-2012 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы болды.
- 2012-2014 жылдары — "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері болды.
- 2014-2017 жылдары — "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті директорының орынбасары болды.
- 2017-2019 жылдары — "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Даму департаментінің директоры болды.
- 2019-2021 жылдары — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" директоры болды.
- 2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін — "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі. 2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Ұлттық Құрылтайға мүше болды.
- 2023 жылдың 29 наурызынан бастап — "Аманат" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.
Бұған дейін Ғани Бейсембаевтың министрліктен кеткенін жазған болатынбыз.
2025 жылғы 29 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты.
Бұл туралы Ақорда жазды.
Суретті түсірген: primeminister.kz
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды" Ақорда
Ғани Бейсембаев бұл лауазымды 2023 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келген.
Бұдан бөлек, бүгін, 29 қыркүйекте, президент Жаслан Мәдиевті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне тағайындады.