Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі жүздеген миллион доллар айналымы бар криптосервисті жойды

1001
Фотосурет: freepik.com

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, соның ішінде цифрлық валютаны пайдалану арқылы жүзеге асырылатын әрекеттерге қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

Блокчейн арқылы криптотранзакцияларды бақылау барысында интернет-алаяқтық пен есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстатуға кәсіби қызмет көрсеткен «RAKS exchange» атты криптообмен сервисі анықталды.

Аталған сервис қылмыстық ортада жоғары беделге ие болған және 5 млн астам қолданушысы бар 20 ірі «Darknet» нарығымен жұмыс істеген.

Соңғы үш жыл ішінде бұл криптосервис арқылы ТМД елдеріндегі — Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова — 200-ден астам есірткі дүкенінің заңсыз кірістері ақталған.

Криптообмен платформасының жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан.

Тергеу барысында 4 000-нан астам криптовалюта әмияндары зерттеліп, қылмыстық кірістер сақталған әмияндар анықталды.

Нәтижесінде сервиске тиесілі 67 криптоәмиян бұғатталды. Жалпы сомасы 9,7 млн USDT (5,2 миллиард теңге) болатын цифрлық активтер уақытша тоқтатылды.

Бүгінгі күні сервис толықтай өз қызметін тоқтатты:

  • әлеуметтік желідегі аккаунттары жойылды;
  • клиенттерге қызмет көрсетуі тоқтатылды;
  • Darknet-тегі мамандандырылған форумдарда есірткі дүкендері тарапынан қаржылық міндеттемелердің орындалмауына қатысты жаппай шағымдар тіркелуде.

Криптосервис ұйымдастырушыларын әшкерелеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қабылданған шаралар есірткі бизнесінің көлеңкелі инфрақұрылымына елеулі экономикалық соққы беріп, жеткізу тізбектерінің логистикасын бұзып, есірткі нарықтарының айналымын азайтып, тұтынушылардың заңсыз платформаларға деген сенімін төмендетті.

Цифрлық құралдарды пайдалану арқылы қылмыстық кірістерді жылыстату схемаларын тоқтату жұмыстары жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -