Қазақстан мен Ресейдің медиафорумы Алматыда БАҚ жетекшілерін жинады

1133
Фотосурет: Akorda

Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған екі елдің жетекші медиақұрылымдарының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мен Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков медиафорум қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.

Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде:

«Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзгелерге үлгі боларлық сипатта екенін үнемі атап өтеді. Осындай өте жоғары деңгейдегі ықпалдастықты сақтау екіжақты қарым-қатынастың барлық бағытындағы күнделікті жүйелі жұмысты қажет етеді»

 Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістердің елеулі нәтижелері туралы айтып берді.

Ерлан Қарин БАҚ саласындағы ынтымақтастыққа тоқталып:

«Әлемдегі түбегейлі өзгерістер мен ақпараттық күн тәртібінің тұрақты жаңаруы жағдайында бізді ортақ мақсат жолында біріктіретін және алға бастайтын дүниелерді сақтап, әрі қарай дамытуымыз керек»

Іс-шараның пленарлық бөлімінде Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресейдің Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрінің орынбасары Бэлла Черкесова, Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева және ТАСС ақпарат агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашов сөз сөйледі. 

Басқосуда цифрлық трансформация дәуіріндегі дәстүрлі БАҚ-тың рөлі, ақпараттық әріптестік тетіктері, медиа саласында жасанды интеллектіні пайдалану сияқты мәселелер талқыланды.

Президенттің Телерадиокешені ұйымдастырған бұл іс-шара 2024 жылғы қарашада Мәскеу қаласында өткен Қазақстан-Ресей бірінші медиафорумында айтылған бастамалардың жалғасы саналады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -