«Ас үйдегі» өрт – тұрмыста жиі кездесетін оқиғалардың бірі. Бар болғаны бірнеше секундтық сәт ауыр күйіктерге, мүліктің зақымдануына және тіпті адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды DKNews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға үй жағдайында май немесе майлы тағамдар жанған кездегі әрекет ету ережелерін еске салады:
Мыналарды жасауға болмайды:
Отты сумен өшірмеңіз! Май мен су араласпайды, жалын одан сайын күшейеді.
Жанып жатқан таба немесе қазанды сыртқа шығаруға тырыспаңыз – бұл өмірге қауіпті және өрттің таралуына себеп болуы мүмкін..
Дұрыс әрекеттер:
Пешті бірден сөндіріп, қыздыруды тоқтатыңыз.
Табаны қақпақпен, жапқышпен немесе кез келген металл затпен жабыңыз – оттегі жетпегенде жалын өзі өшеді.
Суға малынып, жақсылап сығылған сүлгіні абайлап жалынның үстіне жабуға болады.
Егер ас үйде F класты өрт сөндіргіш (майлы өрттерге арналған) болса, оны қолданыңыз.
Егер өрт күшейсе – дереу эвакуация жасап, 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Мамандардың кеңесі:
Әр отбасының ас үйінде өрт сөндіргіш немесе өртке қарсы жабын болғаны жөн. Бұл қарапайым құралдар өмірді сақтап, шығынды айтарлықтай азайтады.
ҚР ТЖМ азаматтарды өздерін және жақындарын қорғап, тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.