Air Astana әуе компаниясы 2025 жылы оныншы рет Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) IOSA (IATA Operational Safety Audit) пайдалану қауіпсіздігі бойынша аудиттен сәтті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Аудит алғаш рет 2007 жылы өткізілді және содан бері әр екі жыл сайын компания халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растайды.
IOSA әуе компаниялардың өндірістік үдерістерін басқару және бақылау жүйелерін тексеруге арналған халықаралық танылған бағалау жүйесі. Бағдарлама Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қосымшалардан ИКАО қауіпсіздігінің барлық қолданылатын талаптарын қамтиды.
Биылғы аудит барысында әуе компанияның барлық қызмет саласында IOSA-ның құжаттама, ұсынылатын тәжірибелері мен стандарттарын орындау сәйкестігі расталды. Олардың ішінде - корпоративтік басқару жүйелері, ұшуларды орындау және диспетчерлендіру, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, бортта және жерде қызмет көрсету, жүк операциялары және авиациялық қауіпсіздік.