ШОБ-ты қолдау: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты 2028 жылға дейін кеңейтті

1078
Фотосурет: Gov

Астанада кооперациялық жобаларды іске асыру қорытындысына арналған Кеңейтілген конференция шеңберінде "Partneringin business with Germany" бағдарламасын 2026-2028 жылдарға ұзарту туралы бірлескен келісімге қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл оқиға шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әріптестік байланысты кеңейту, Қазақстан мен Германияның бизнес-қауымдастығы арасында тәжірибе алмасуда екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі.

"Partnering in Business with Germany" бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германияның Федералдық экономика және Энергетика министрлігі арасындағы бірлескен мәлімдеме негізінде он бес жылдан бері іске асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 800-ден астам қазақстандық кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтіп, бизнес жүргізудің заманауи әдістерін игерді. Өндірісті жаңғыртып, келісімшарттар жасасты. Лицензиялар мен франчайзингтер сатып алды.

Биыл да қазақстандық қатысушылар бағдарламаның мүмкіндігін белсенді пайдалануды жалғастыруда. Оқу GISMA бизнес дамыту орталықтарында (Берлин, Потсдам) Ганновер көрмесіне, COGNOS (Гамбург) аймақтық көрмелерге, EABW (Тюбинген) денсаулық сақтау саласына және мамандандырылған медициналық көрмелерге, сондай-ақ CDC (Кельн) ANUGA ең ірі азық-түлік көрмесіне қатысумен қатар жүргізілді. Оқытуды, сақтандыруды, тұрудв, жалпы барлық шығынды қабылдаушы тарап өтейді.

Конференция барысында бағдарлама қорытындысына және мен алдағы кезеңдегі жаңа міндеттерге ерекше назар аударылды. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев құттықтау сөз сөйлеп, ынтымақтастықты ұзартудың маңыздылығын атап өтті. Бағдарлама кәсіпкерлердің кәсіби өсуіне ғана емес, екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға да ықпал етпек.

Іс-шараға Германияның Қазақстандағы елшісінің тұрақты орынбасары Ульрих Кинне, экономика және энергетика федералдық министрлігінің V департаментінің басшысы Ральф Бёме, "Атамекен" ҰКП, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының (GIZ) өкілдері, сондай-ақ бағдарлама түлектері қатысты.

Еске салсақ, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы алдыңғы меморандумға 2023 жылғы 20 маусымда қол қойылған болатын. Жаңа келісім бағдарламаның жұмысын 2028 жылдың соңына дейін жалғастыруды көздейді. Бұл тәжірибе алмасып, бірлескен бастамаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -