Қазгидромет қазан айының басында ауа райының күрт суытуы мен үсік күтілетінін хабарлады

1056
Фотосурет: vecstock/freepik.com

«Қазгидромет» деректері бойынша алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірлерінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

  • температураның төмендеуі, аяз: түнде және таулы аймақтарда -6°… +3° дейін аяз болады;
  • жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын және тұман елдің оңтүстігі, шығысы және орталық бөліктерінде күтіледі;
  • қатты (30 м/с дейін) желдің соғуы және бұршақ оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерде болады;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі;
  • өрт қаупі жоғары және аса жоғары оңтүстік, оңтүстік-батыс, батыс және таулы аймақтарда сақталады.

01 қазанда Дауылды ескерулер күтіледі:

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Талдықорған қ.: күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда  25 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Қонаев қ.: шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Петропавл қ.: күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының  батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.    

Тараз қ.: күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігіндеорталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: түнде топырақ үстінде 3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

01-03 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 01-03 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -