2025 жылғы қазан айындағы негізгі салық есептіліктері мен міндетті төлемдер
2025 жылғы қазан айында салық есептілігін тапсыру, салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу бойынша маңызды мерзімдер белгіленген, деп хабарлайды DKNews.kz.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылға мүлік салығын төлеумен қоса, салық міндеттемелерін уақытылы орындау қажеттігін еске салады. Төменде осы айда тапсырылуы және төленуі тиіс есептілік нысандары мен төлемдердің мерзімдері көрсетілген.
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ:
15 қазан:
- 400.00 және 421.00 нысандары – тамыз айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.
20 қазан:
- 328.00 нысаны – қыркүйек айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
ТӨЛЕМДЕР:
1 қазан:
- 2024 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығы.
20 қазан:
- Қыркүйек айына ЕАЭО-да ҚҚC;
- Қыркүйек айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
28 қазан:
- Қазан айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
- Қыркүйек айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
- Қыркүйек айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;
- Қыркүйек айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;
- Радиожиілік спектрін пайдалану, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;
- Қыркүйек айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.