Тоқаев «ақылды қала» технологиялары мен жасанды интеллект сервистерін қолдады

1177
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұйымдастырылған цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.

Ustem Foundation қоғамдық қоры, Freedom Bank, Yandex Qazaqstan, Kaspi Bank, «Қазақтелеком» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және басқа да отандық жетекші компаниялар мен ұйымдар ЖИ саласындағы жобаларын көрмеге қойған.

Экспозициялар білім беру, мәдениет, логистика, «ақылды қала» технологиялары секілді ауқымды бағыттарды қамтыды. Сонымен қатар туристік онлайн қызметтері, генеративті ЖИ платформалары, В2В-агенттері мен AITU отандық мессенджері таныстырылды.

Көлік бағытында жаңа буынды 5G базасында тасымалды басқару мен телекоммуникацияға арналған ЖИ негізіндегі кешенді жүйелер көрсетілді.

Аталған іс-шара еліміздегі цифрлық технологияның қарқынды дамуын, сондай-ақ жасанды интеллектінің ұлттық экожүйесін қалыптастыруға отандық бизнес пен институттардың қосқан үлесін паш етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -