Astana Hub AI-командаларға арналған басты бағдарлама – AI’preneurs-тың үшінші легін іске қосты

1177
Фотосурет: Astana Hub

Astana Hub-та AI’preneurs 3.0 бағдарламасы іске қосылды

Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясындағы AI Week апталығында Astana Hub-тың ең ірі акселерациялық бағдарламаларының бірі – AI’preneurs 3.0 ресми түрде басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл бағдарлама жасанды интеллект бағытындағы стартаптарды дамытуға арналған негізгі алаң. Жаңа лек қатысушылар үшін тың мүмкіндіктер мен жаңа белестердің бастауы болмақ.

2024 жылдан бері AI’preneurs бағдарламасына Қазақстан мен жақын шетелдерден 950-ден астам өтінім түскен. Бірінші легтің қатысушылары $350 000 көлемінде инвестиция тартып, акселератордың тиімділігін нақты нәтижемен көрсетті.

Opening Day шарасы жаңа легтің басталуын ғана емес, сонымен қатар бұрынғы қатысушылар мен жаңадан келген командалардың басын қосқан платформаға айналды. Бұрынғы қатысушылар Максим Беляков (Ateam), Венера Байжигитова мен Мади Нурманов (stiker.ai), Алибек Абдеков (avm.ai) және Закиржан Айсабаев (re:create) өз жетістіктері мен тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа қатысушыларға шабыт берді. Олардың табысты тарихы – идеяның нарыққа шығуына және инвесторлар назарын аудартуға болатынының нақты дәлелі.

“Біз командалардың сапалық тұрғыдан өсіп жатқанын анық байқадық. Үшінші лег бұл нәтижелерді жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз. AI’preneurs – идеяны тез арада өнімге айналдырып, оны нарыққа шығаратын мүмкіндік. Басты мақсатымыз – талантты ІТ мамандарды тарту және олардың жобаларын жаһандық деңгейге шығару" Astana Hub-тың бизнес бағдарламалар кеңсесінің директоры Ербол Ахметов

Үшінші легке 350 өтінім түсіп, соның ішінен 70 үздік команда таңдап алынды. Олар алдағы үш ай бойы қарқынды оқу мен тәжірибелік жұмыс режимінде болады. Бағдарлама үш негізгі кезеңнен тұрады: команда қалыптастыру, идеяны тестілеу мен инвестициялық комитет алдында қорғау, дайын өнім әзірлеу және Demo Day-ға дайындық.

Бағдарлама тек IT мамандарына емес, түрлі саладағы кәсіби мамандарға – аналитиктерге, маркетологтарға, дизайнерлерге, PR және бизнес-девелоперлерге, өнім және жоба менеджерлеріне, сату жөніндегі мамандарға да арналған. Осылайша, AI’preneurs әр команда үшін толыққанды экожүйе қалыптастырып, әр қатысушыға өз кәсіби әлеуетін іске асырып, бәсекеге қабілетті AI-жобалар жасауға мүмкіндік береді.

Astana Hub аймақтағы ең ірі инновациялық орталық ретінде өз маңыздылығын нығайтып келеді. AI’preneurs бағдарламасы ондаған AI-стартаптың дамуына жол ашты, ал үшінші легтің басталуы – болашақта жасанды интеллект саласын түбегейлі өзгертуі мүмкін жаңа идеяларға серпін бермек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -