Астанадағы Есіл өзеніне 500 мыңнан астам тұқы балықтарының шабағы мен ақ амур жіберілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жыл сайынғы балықтандырудың мақсаты — табиғи су айдындарындағы балық қорын сақтау және оны тиімді игеру, сондай-ақ қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау.
Бұл жұмыстардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында қолға алынуда.
Осы ретте 29 қыркүйекте Есіл өзеніне балық жіберудің алғашқы кезеңінде орташа салмағы 10 грамм болатын 367 мыңнан астам тұқы балығының шабақтары жіберілді.
Ал қазан айында екінші кезеңі жүзеге асырылып, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңында Есіл өзеніне қосымша 237 мыңнан астам ақ амур қосылатын болады.