Қазақстан мен Binance жаһандық криптовалюта индустриясындағы позицияларын нығайтуда

1067
Фотосурет: Аkorda

Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президент әлемдік криптовалюта индустриясы мен қаржы технологиясының экожүйесін қалыптастыруға Чанпэн Чжаоның қосқан үлесін жоғары бағалады.

Оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша Binance Lab базасында криптоиндустрияның өңірлік хабын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Сол сәттен бері елімізде блокчейн және криптотехнология салаларында көптеген перспективті жобалар мен бастамалар іске асырылып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -