Қарттарымызға құрмет – парызымыз

1144
Фотосурет: ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Қазан айының алғашқы күнінде Степногорск қаласындағы 3517 әскери бөлімінде Қарттар күніне арналған игі іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери қызметшілер бұл күні өздерінің еңбек жолын Отан қорғау ісіне арнаған ардагерлерді арнайы құттықтап, алғыс білдірді.

Жеке құрам өкілдері ардагерлердің шаңырақтарына барып, мерекелік сыйлықтар тарту етіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Шара барысында сарбаздар ардагерлердің әскери қызмет жылдарындағы естеліктерін тыңдап, олардан өнегелі кеңестер алды.

«Қарттарды құрметтеу – біздің ұлттық дәстүріміздің ажырамас бөлігі. Әсіресе, ел тыныштығы жолында абыройлы қызмет атқарған ардагерлерді ұмытпай, оларға құрмет көрсету – біздің басты міндетіміз», – деді бөлім командирі құттықтау сөзінде.

Өз кезегінде ардагерлер жас сарбаздарға ақ батасын беріп, ел қорғау жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Осылайша, 3517 әскери бөлімінде өткен Қарттар күні ардагерлер мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты тағы бір айқындап, ізгі дәстүр жалғасын тапты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -