Қазақстан Орталық Азиядағы цифрлық қаржылық технологиялардың орталығына айналып келеді

1133
Фотосурет: Gov

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Binance» компаниясы және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ цифрлық қаржы технологияларын және криптовалюталық шешімдерді Қазақстанда дамытуға бағытталған үшжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл келісім қаржы секторына және елдің цифрлық экономикасына инновациялық шешімдерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Меморандум аясында тараптар блокчейн технологияларды, цифрлық валюталарды енгізу және азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған қаржылық қызметтерді жақсарту бағытында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

Меморандумға қол қою Қазақстанның цифрлық трансформациясын күшейтуде және Орталық Азиядағы инновациялық технологиялар бойынша жетекші орталық ретінде позициясын нығайтуда маңызды қадам болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -