Қазіргі медиакеңістікте жалған ақпарат сирек жағдайда кездейсоқ таралады — оның артында әдетте нақты құрылған технология тұрады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында қарапайым қолданушылардың жасанды пікірталастарға қалай тартылатыны және шынайы мәселені манипуляциядан қалай ажыратуға болатыны көрсетіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Технологияларды білу – өзге манипуляциялардан қорғанудың алғашқы жолы.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында талқыланған мәселелер:
- «ақпараттық толқын» дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді;
- оны ұйымдастырушылар қандай құралдарды пайдаланады — ботофермалар мен тапсырыспен жазылған пікірлерден бастап дипфейктер мен синхронды таратылымдарға дейін;
- мұндай кампанияларды кім және не үшін жүргізеді, олардың қоғамға әсері қандай;
- нақты мысалдар: бағалар мен тарифтерге қатысты дүрбелең, шенеуніктердің сөздерін бұрмалау, салық туралы қауесеттер.
Толық шығарылымды Орталық коммуникациялар қызметінің ресурстарынан көріңіз.