Тоқаев Корея Республикасы Президентін Ұлттық күнімен құттықтады

1001
Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -