Аида Балаева мен Сербияның бірінші ханымы қоғамдағы әйелдердің рөліне арналған көрмені ашты

1166
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 3 қазанда Алматы музейінде Белград музейінің «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Көрме қазіргі қоғамдағы әйелдер рөліне арналған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Сербияның бірінші ханымы Тамара Вучич қатысты.

Көрме қонақтарды Сербияның бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстырады. Алматы музейінің галереясында археологиялық жәдігерлер коллекциясы, серб халқының сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, XIX ғасырдағы көрнекті серб әйелдерінің портреттері қойылды.

Қонақтар серб әйел суретшісінің, ғалымдарының, батырларының, спортшыларының және қоғам қайраткерлерінің жетістіктерімен таныса алады. Ұсынылған еңбектер көрерменге серб тарихы мен мәдениетінде әйелдің өмірі мен қоғамдағы орны қалай өзгергенін көруге мүмкіндік береді.

Іс-шараның ашылуында Аида Балаева көрменің елдер мен халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастық пен достықты нығайтудың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

«Бүгінде Сербия мен Қазақстан арасындағы байланыстар ресми келісімдермен ғана шектелмейді. Олар мәдениет, білім және өнер салаларындағы бірлескен жарқын жобалар арқылы жалғасуда. Соңғы жылдары мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық айрықша белсенді бола түсті. Бұл – екі ел арасындағы өзара құрмет пен достықтың айқын белгісі» Аида Балаева

«Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» халықаралық жобасы Алматы мен Белград музейлері арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Жоба – 2024 жылғы желтоқсанда ұйымдастырылған мәдени алмасу бастамасының жалғасы. Сол кезде Алматы қаласы музейі қорынан алынған жәдігерлер Сербияның Белград қаласындағы Княгиня Любица сарайында серб жұртшылығына ұсынылды.

Көрме 2025 жылғы 15 қарашаға дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -