Аяз –3°С дейін: 2025 жылғы 4 қазанға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы

1353
Фотосурет: wirestock/freepik.com

Қазақстанда қолайсыз ауа райы күтіледі: тұман, үсік және желдің күшеюі — әсіресе таулы аймақтар мен елдің солтүстігінде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сонымен қатар бірқатар облыстарда өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады — әсіресе батыс, солтүстік, оңтүстік және орталық өңірлерде.

Дауылды ескерулер күтіледі:

Шымкент қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігіндеорталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.    

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Атырау облысының батысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа жел ауысады, екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

04-06 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -