Қазақстандық юниор тағы бір беделді ITF турнирінде жеңіске жетті

1122
Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Оңтүстік Кореяда өткен беделді жасөспірімдер турнирінде қазақстандық теннисші Зангар Нұрланұлы жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ITF жасөспірімдер рейтингінде әлемнің 25-ракеткасы саналатын Зангар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 санатындағы турнирдің чемпионы атанды.

Турнирдің бірінші нөмірлі спортшысы ретінде бақ сынаған Зангар қарсыластарына бірде-бір сет бермей, сенімді ойын көрсетті. Финалда ол кореялық Мин Хук Чоға қарсы 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Чхунчхонда қол жеткізген бұл жеңіс Нұрланұлының жеке разрядтағы алтыншы ITF Juniors титулы болды. Бұған дейін ол келесі турнирлерде топ жарған:

  • J100 Aizkraukle (Латвия)
  • J200 Shymkent (Қазақстан)
  • J100 Izmir (Түркия)
  • J30 Tsaghadzor (Армения)
  • J30 Trnava (Словакия)

Келесі аптада Зангар Нұрланұлы 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Азияның бейресми чемпионаты саналатын ITF Juniors J300 Wonju турнирінде өнер көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -