Су шаруашылығы ведомствосы мен азаматтық сектор су үнемдеу мәдениетін дамыту үшін күш біріктіруде

3322
Фотосурет: Gov

XII Азаматтық форум қарсаңында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Қазақстан Азаматтық альянсының Президенті Бану Нұрғазиева және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуде Нұржан Нұржігітов ведомствоның соңғы екі жылда атқарған жұмыстары туралы айтты. Қатысушылар су ресурстарын бақылау тетіктерін және су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты талқылады. Үкіметтік емес ұйым өкілдері су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік бастамаларды іске асыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстар XII Азаматтық форумында ескеріледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылданды.

«Біздің министрлік үкіметтік емес сектормен ынтымақтастықты тиімді әрі тұрақты су саясатының ажырамас бөлігі деп санайды. Мысалы, жаңа Су кодексінің басты мақсаттарының бірі – қоғамның су ресурстарын басқаруға белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Бассейндік кеңестер арқылы су пайдаланушылар, бизнес, экологиялық ұйымдар мен ғылыми орта өкілдеріне шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі берілді. Қоғамның рөлін күшейту – су саласындағы шешімдер жергілікті жердегі нақты мәселелерді көріп отырған азаматтардың пікірін ескере отырып қабылданады деген сөз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Министрдің ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі 15-16 қазанда өтетін XII Азаматтық форумға дайындықтың екінші кезеңі аясында өтті. Азаматтық форум – мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ашық әрі конструктивті диалогқа арналған ұлттық алаң. Ол екі жылда бір рет өткізіледі және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық құрылымдардың, бизнес өкілдерінің, сарапшылар мен ғылыми қауымдастықтың басын қосады. Дайындықтың алғашқы кезеңінде, мамырдан қыркүйекке дейін еліміздің 20 өңірінде қоғам өкілдерімен кездесулер өтті. Оның нәтижесінде форум қатысушыларының ұсыныстарын жүзеге асыруға бағытталған іс-қимыл жоспарлары қабылданды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -