Энергетика министрлігінде «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Әдеп жөніндегі уәкіл Ләззат Қосаева қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс кезеңдегі мінез-құлқын реттейтін негізгі заңнамалық талаптар мен әдеп нормалары қаралды. Ләззат Қосаева әсіресе антиқоғамдық әрекеттерге жол бермеу, моральдық қағидаларды сақтау, қарапайымдылық пен сыпайылық таныту, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қайшы келетін әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударды.
Семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыруға, мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға және Энергетика министрлігінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталды.