Алматыда заңсыз құрылыстармен күрес жалғасуда

979
Фотосурет: Gov

Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде Абылай хан даңғылы, 64 мекенжайындағы тұрғын емес нысанға қосымша салынған құрылыстың заңсыз тұрғызылғаны анықталды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылы 25 мамырда нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Аталған соттың 2025 жылы 3 маусымдағы шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды және заңсыз салынған нысанды мәжбүрлі түрде бұзу міндеттелді.

Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өзі бұзды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -