Қазақстан банктерінің меншікті капиталы екі еседен көп өсті

1155
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша -ның реттеушілік меншікті капиталы жыл басынан бері 5,7%-ға өсіп, 10 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш — банк секторының тұрақтылығы мен беріктігін сипаттайтын негізгі индикаторлардың бірі.

Айта кетерлігі, Қазақстан банктерінің меншікті капиталы жыл сайын тұрақты өсім көрсетіп келеді. Мәселен, өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда, оның көлемі 19,6%-ға артқан, ал соңғы бес жылда ҚР ЕДБ-ның реттеушілік меншікті капиталы екі еседен көп өсті.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, еліміздің банк секторы жеткілікті капитал қорына ие. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 19,4%-ды, ал меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) 20,8%-ды құрайды. Жүйе бойынша орташа алғанда бұл көрсеткіштер заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай жоғары және банктерге ықтимал тәуекелдерді жабуға мүмкіндік береді. Меншікті капиталдың өзге де маңызды тұстары төмендегі ақпараттық кестеде көрсетілген.

Жуырда халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі де жағдайды оң бағалады: «Біздің ойымызша, Қазақстанның банк секторы геосаяси және макроэкономикалық сын-қатерлерге төтеп бере алатындай жағдайда. Банктер айтарлықтай капитал қорын жинақтап, өтімділік көрсеткіштерін жоғары деңгейде ұстап отыр және негізгі клиенттердің депозиттері қаржыландыру құрылымында елеулі үлеске ие».

Some Image

Қазақстандағы ЕДБ-ның барлығы дерлік капитал өсімінің тұрақтылығын сақтап отыр. Әр банк саланың дамуына өзіндік үлесін қосуда.

Мәселен, еліміздегі ең ірі қаржы институттарының ішінде жыл басынан бері реттеушілік меншікті капиталдың ең жоғары өсімін Kaspi Bank көрсетті: өсім 14,6%-ды құрап, 1,2 трлн теңгеге дейін жетті.

Меншікті капиталдың өсімі бойынша екінші орынға Home Credit Bank орналасты: өсім 13,4%-ды құрап, 194,5 млрд теңгеге дейін жетті.

Банк ЦентрКредит үздік үштікті түйіндейді: көрсеткіш 12,1%-ға артып, 726,4 млрд теңгеге жетті.

Демек, Қазақстанның банк секторы сенімділігі мен тұрақтылығы жағынан жоғары деңгейде қалып отыр. Меншікті капиталдың айтарлықтай артуы, пруденциялық нормативтердің сақталуы және халықаралық рейтингтік агенттіктердің оң бағасы — мұның барлығы Қазақстанның банк жүйесінің сыртқы сын-қатерлерге табандылықпен төтеп беріп, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ете алатынын айғақтайды.

Some Image

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -