Маңғыстау облысында «Айбалта-2025» оқу-жаттығуы аяқталды

1276
Фотосурет: Gov

Бейнеу ауылы маңындағы оқу-жаттығу полигонында «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған Қарулы күштердің басшылығы, Бейнеу ауданының әкімі Рақымжан Шалбаев және әскери қызметшілер қатысты.

Оқу-жаттығу әскерлердің жылдам өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету қабілетін айқын дәлелдеді. Маневрлер барысында ұрыс жүргізудің озық тәсілдері, жаңа тактикалық әдістер мен маневр жасау стратегиялары сыннан өтті.

Әскер тектері мен бөлімдердің жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастығы барлық сценарийлерді пысықтауға және қойылған тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік берді. Жеке құрам далалық дайындықтың, үйлесімділіктің және қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделу қабілетінің жоғары деңгейін көрсетті.

Кәсіби шеберлігі мен жетістіктері үшін үздік шыққан әскери қызметшілер мен бөлімшелер құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Айбалта-2025» оқу-жаттығуы Қазақстан әскерінің қазіргі жедел жағдайларда қорғаныс пен шабуылда жауынгерлік тапсырмаларды тиімді орындай алатынын дәлелдеді.

Жаттығу барысында жинақталған тәжірибе мен нәтижелер жауынгерлік даярлықты жетілдіруге, жедел өнерді дамытуға және елдің қорғаныс әлеуетін нығайтуға негіз болмақ.

Іс-шара соңында Бейнеу аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -