-6°C-қа дейінгі үсік пен шаңды дауыл — 7 қазанға арналған ауа райы болжамы

1870
Фотосурет: DKNews.kz

“Қазгидромет” мәліметінше, бүгін, 7 қазан күні, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

  • Жел 15-20 м/с жылдамдықпен күндіз Қызылорда және Түркістан облыстарында болады.
  • Төтенше өрт қауіптілігі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау және БҚО-да сақталады.
  • Аяз (–6 °С-қа дейін) түнде Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында күтіледі.
  • Тұман Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қ:. түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 07-08 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі.

Талдықорған қ.: түнде 3-5 градус үсік күтіледі.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қонаев қ.:түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Көкшетау қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Петропавл қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігіндеорталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -