Әуежайлардың жүктемесі артып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп әрі жолаушылар саны артқан жағдайда онлайн тіркелу – уақытты үнемдеудің және сапарды ыңғайлы етудің маңызды құралына айналды.
FlyArystan өз жолаушыларына ұшуға дайындықты едәуір жеңілдетіп, қосымша шығындардан сақтайтын онлайн тіркелу қызметін пайдалануды ұсынады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Онлайн тіркелу туралы не білу қажет?
- Қызмет тегін.
- Тіркелуден FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com ресми сайты арқылы өтуге болады. Қосымшаны келесі сілтеме арқылы жүктеуге болады: https://flyarysta.onelink.me/ceA8/egnviufp
- Онлайн тіркелу ұшу уақытына дейін 30 күн бұрын, ал Қытайға/Қытайдан және Бішкекке бағытталған рейстер үшін – 10 күн бұрын ашылады.
- Ішкі рейстерде тіркелу ұшуға дейін 40 минут бұрын, халықаралық рейстерде – 60 минут бұрын жабылады.
Онлайн тіркелуден кімдер өте алмайды?
- әуе кемесінде қосымша орын сатып алған жолаушылар (мысалы, музыкалық аспаптар, жануарлар немесе басқа да жеке мақсаттар үшін негізгі орныңыздың жанынан орын рәсімдеген);
- ересек жетелеушісіз 16 жасқа толмаған балалар;
- FlyArystan чартерлік рейстерінің жолаушылары.
Тіркелуден қалай өтуге болады?
- flyarystan.com сайтында немесе мобильді қосымшада «Рейс тіркелу / Flight Check-in» бөлімін ашыңыз.
- Жолаушының тегі мен брондау нөмірін (PNR) – әріптер мен сандардан тұратын 6 таңбаны енгізіңіз.
- Жолаушы және рейс деректерін растаңыз, қажет болса, қосымша орын немесе қызметтерді сатып алыңыз.
- Тіркелуді аяқтап, отырғызу талонын телефонға сақтап алыңыз. Ұшу талондарын құрылғыңызға немесе FlyArystan мобильді қосымшасында оңай сақтауға болады – бұл талонды жылдам әрі ыңғайлы қолдануға мүмкіндік береді.
Маңызды: отырғызу талоны жоқ жолаушылар рейске жіберілмейді, ал билет күші жойылады.
Дегенмен, белгіленген жолаушылар санаты онлайн тіркеуден өтіп, бірақ отырғызу талондарын тек әуежайдағы тіркеу бағанынан ұшуға дейін 60 минут бұрын тегін ала алады:
- батареямен қуатталатын арбасы бар мүмкіндігі шектеулі жолаушылар;
- жануарларды тасымалдау қызметін рәсімдеген жолаушылар;
- қару-жарақ, оқ-дәрі тасымалдаушы жолаушылар;
- халықаралық рейстер жолаушылары.
Тіркеу және «жолжүк тапсыру» бағаналары ішкі рейстерде ұшуға 2 сағат қалғанда ашылады және 40 минут қалғанда жабылады. Ал халықаралық рейстерде 3 сағат бұрын ашылып, ұшу уақытына 60 минут қалғанда жабылады.
FlyArystan мобильді қосымшасында отырғызу талонын құрылғы галереясына сақтауға, iOS қолданушылары үшін Apple Wallet-ке қосуға немесе «Қызметтер» бөлімінен – авторизациясыз, талон белсенді болып тұрған кез келген уақытта табуға болады.
Егер қандай да бір себеппен жолаушы отырғызу талонын телефонға сақтай алмаса, оны әуежайдағы iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалынан басып шығаруға мүмкіндік бар (тек Қазақстан ішіндегі рейстер үшін). Құны – 500 теңге.
Ал әуежайда тіркеуден өту құны – 2000 теңге, бұл әуекомпаниясының лоукост-моделіне сәйкес белгіленген.
Жақындарыңызға қамқорлық
Егер ата-анаңызға немесе басқа туыстарыңызға билет сатып алсаңыз, алдын ала онлайн тіркелуден өтуге көмектесіңіз. Бұл олардың соңғы сәтте қосымша мен сайтты түсінуге уақыт жұмсауының алдын алып, әуежайда уақыт үнемдеуге және бірден қауіпсіздік бақылауынан өте беруіне мүмкіндік береді.
Онлайн тіркеу – бұл тегін әрі жылдам қызмет, ол ішкі және халықаралық рейстердің жолаушыларына тіркелу ашылған сәттен бастап тәулік бойы, әлемнің кез келген жерінен және кез келген құрылғыдан қолжетімді.
Бұл қызмет уақытты үнемдеуге, қосымша шығыннан сақтануға және ұшуға дайындықты жеңілдетуге көмектеседі. Сонымен бірге электронды отырғызу талондарын пайдалану тек саяхатты жайлы етіп қана қоймай, қағаз тұтынуды азайтады, сол арқылы қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді.