Қазақстанның жаңа Оқу-ағарту министрі Үкімет отырысында ант берді

1111
Фотосурет: Gov

ҚР Үкіметінде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ант берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жарлығымен оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған Үкіметтің жаңа мүшесі Жұлдыз Сүлейменованың ант беру рәсімі өтті.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жігерім мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн» Жұлдыз Сүлейменова 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -