2025 жылғы 25 маусымдағы №2 ғылыми-техникалық комиссия отырысының хаттамасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2025 жылғы 1 қазандағы №62-НҚ бұйрығына сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеуге пайдаланылатын аппараттық-бағдарламалық кешендер (АБК) үшін бірыңғай салыстырып тексеру аралығы 1 жыл болып бекітілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Аталған шешім автоматты бақылау құралдарының жұмыс сенімділігін арттыруға, сондай-ақ олардың техникалық қызмет көрсетуі мен салыстырып тексерілуіне бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қайта тексеру аралығының 1 жыл болып белгіленуі кешендердің жұмысындағы ауытқуларды уақытылы анықтауға, бақылауды күшейтуге және автоматты тіркеу жүйелеріне деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.
Осы бұйрық күшіне енгенге дейін берілген АБК салыстырып тексеру туралы сертификаттар сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін жарамды.