Air Astana компаниясында жоғары басқару деңгейінде кадрлық өзгерістер болды

1287
Фотосурет: © Sputnik/Александр Мироглов

«Эйр Астана» АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесіне мүшесі қызметтерінен кететінін хабарлайды.

Фостер мырза компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде бас атқарушы директор қызметіне тағайындалатын болады.

«Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны 20 жыл бойы басқарудағы ерен еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді – ол Компанияны құрылған кезеңінен бастап бүгінгі таңда Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші әуе компаниясына және әлемдік авиация саласында мойындалған брендке дейін жеткізді. Директорлар кеңесі Ибрахим Жанлыелдің бас атқарушы директор қызметіне тағайындалуын құптайды. Жанлыел мырза 2003 жылдан компаниялар тобының құрамында жұмыс істеп келеді: бастапқыда коммерциялық бағыттағы басшылық қызметтерді атқарып, 2017 жылдан бері қаржы жөніндегі атқарушы директоры лауазымын иеленіп келеді. Оның компанияның дамуына қосқан үлесі зор, әрі ол топтың қызметі мен жалпы авиация саласы бойынша мол тәжірибеге ие. Директорлар кеңесі оның басшылығымен компанияның өсуі мен жаңа жетістіктерге жететініне толық сенімді» «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -