Шебердің мерейтойы: Астанада Ерболат Төлепбайдың көрмесі өтіп жатыр

1089
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық музейде өтіп жатқан Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесін тамашалады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Көрме Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Ерболат Төлепбайдың 70 жылдық мерейтойы мен 50 жылдық шығармашылығына арналды.

«Өнерім – ізгілік мекені» атты көрмеде суретшінің шығармашылық жолы мен оның түрлі кезеңдерін қамтитын, рухани және мәдени ізденістерін бейнелейтін туындылар қойылған.

Ерболат Төлепбай әлемнің әр елінде 38 жеке көрме өткізіп, халықаралық мәдени ортада зор беделге ие. 2024 жылы оның еңбектері қазіргі заманғы ең ірі көрме – Венеция биенналесіндегі Қазақстан павильонында ұсынылды.

Суретшінің танымал туындыларының қатарында «Мәңгілік ел» триптихы («Тандыр», «Анархай», «Жас дала»), сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи триптих бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -