Қазақстанда мемлекеттік басқаруда жобалық менеджмент мәдениеті дамып жатыр

1144
Фотосурет: Gov

Энергетика министрлігінің Жобалық кеңсесі алаңында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына арналған оқу семинары өтті. Іс-шараға Аппарат басшысы Жанар Жарылғасова, Стратегиялық даму департаментінің директоры Берік Мусинов, директордың орынбасары Өміржан Сұлтан-Ғали және Жобалық кеңсе жетекшісі Дәулет Қашқымбеков қатысты. Семинар барысында магистранттар Жобалық кеңсенің негізгі қызметімен, нормативтік-құқықтық базасымен, ұйымдық құрылымымен, жұмыс кестесімен және жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Министрлік мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджментті енгізуге ерекше көңіл бөледі. Бүгінде Энергетика министрлігінің Жобалық кеңсесі бейінді бөлімшелермен бірлесе отырып, «Битрикс» жүйесінде шамамен 500 жобаның орындалуын апта сайын мониторингтен өткізеді.

Жобаларды іске асыру мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қамтиды: Президенттің Жолдауы, 2023–2029 жылдарға арналған сайлауалды бағдарлама, нысандардың құрылысы мен пайдалануға берілуі жөніндегі тапсырмалар, жоғары технологиялық кластерлерді дамыту, Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар және жылыту маусымына дайындық.

Мониторинг тәуекелдерді алдын ала анықтап, оларды азайту бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Энергетика министрлігінің Жобалық кеңсесі жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін жобалық жетілу рейтингінде 21 орталық мемлекеттік органның ішінде 1-орынды иеленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -