Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасының шарттары кеңейтілді — баспана қолжетімді бола түспек

1221
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу Бағдарламасын бекіту туралы» қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өзгертулер мен толықтырулар Ұлттық Банктің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі №59 Басқарма қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) енгізіледі, онда:

  • Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құнын 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтеру;
  • Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін көтеру;
  • басқа өңірлерден 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтеру көзделеді;
  • қарыз алушыларға төлем қабілетін растау үшін тең қарыз алушыны (тең қарыз алушыларды) ғана емес, кепілгерді де тартуға мүмкіндік беріледі.

Қаулыға сәйкес, кредиттік өтінімді қарау кезінде қарыз алушының кірісі тоқтаусыз жүргені маңызды шарт болады.

Бұл нормалар тұрғын үйдің қолжетімді болу мүмкіндерін кеңейтіп, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының икемділігі мен қолжетімділігін арттыру үшін енгізіліп отыр.

Қаулымен қамтылмаған ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлерi мен Бағдарламаның талаптары өзгерiссiз қалады.

«7-20-25» бағдарламасы 2018 жылы іске қосылды. Мақсат – 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы бар жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзімге жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлемесімен қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету.

2025 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 1 149,7 млрд теңгеге 81 886 жеңілдетілген қарыз берілді.

Қаулының толық мәтінімен ҚҰБ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Өзгертулер мен толықтырулар қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.   

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -