Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын ескере отырып, автоматтандыру басқармасының мамандары LLM-KAZ отандық тілдік моделі (қазақ тілі орыс тілі, орыс тілі қазақ тілі) негізінде машиналық аударманың зияткерлік жүйесін енгізді.
Сонымен қатар, «AlemCloud» суперкомпьютерінің есептеу ресурстарын пайдаланатын және құрамында «NitecAI» қызметіне қосылу мүкміндіктері орындалды. Осылайша Ұлттық ұланның ресми порталында мәтіндерді сапалы аударуға арналған «Аудармашы» моделі іске қосылды. Нормативтік-құқықтық актілерді (НҚА) талдауға арналған «Qazaq Law» моделі де жұмыс істейді.
ChatGPT аналогтарына айналған «DeepSeek», «Gemma», «Llama» және «Gemma Full Model» үлгілері мәтінді өңдеудің, ақпаратты генерациялаудың және талдаудың кеңейтілген міндеттеріне арналған.
Осы функционалды енгізу құжат айналымының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Ұлттық ұлан қызметінде жасанды интеллекттің заманауи технологияларын қолданудың кең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сервис деректері Ұлттық ұлан порталында «ЖИ сервистері» бөлімінде жарияланды.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі