Қазақстанда суытады: Жетісу мен Алматы облыстарында –6 градусқа дейін үсік күтіледі

1782
Фотосурет: wirestock/freepik.com

«Қазгидромет» 10 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дауылды ескерулер күтіледі:

10-11 қазанда Жетісу облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
Талдықорған қ.: 10-11 қазанда түнде 4-6 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 10-11 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.  
Ақтау қ.: оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан  жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 
Атырау қ.: оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -