Астана деректерді визуализациялау бойынша білім алмасудың өңірлік орталығына айналды

1133
Фотосурет: stat.gov.kz

KazAID Орталық Азия елдерінің өкілдерін деректерді визуализациялау бойынша оқыту семинарына біріктірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 8–10 қазан аралығында Астанада Халықаралық Астана университеті базасында Орталық Азия елдері үшін деректерді визуализациялау бойынша аймақтық семинар өтті. Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 20-дан астам қатысушы қатысты. Семинарды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі және Түркияның Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) серіктестікте ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – Орталық Азия елдерінің статистикалық органдары мамандарының біліктілігін арттыру. Қатысушылар R, Tableau, Apache Superset және басқа да заманауи құралдарды қолдана отырып, статистикалық деректерді визуализациялаудың жаңа әдістерін меңгерді.

Бағдарлама визуализацияның негіздерінен бастап интерактивті талдамалық панельдер мен дашбордтар жасауға дейінгі кең тақырыптарды қамтыды. Бұл қатысушыларға болашақта статистикалық ақпаратты неғұрлым қолжетімді және түсінікті түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

«KazAID статистика саласындағы жобаларды аймақтың орнықты дамуына қосқан үлес ретінде қарастырады. Сенімді және көрнекі деректер – тиімді саясаттың, инвестициялардың және халықаралық ынтымақтастықтың негізі. Біз Орталық Азиядағы әріптестеріміздің кәсіби деңгейін арттыруға және білім алмасуға үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Бұл семинар – өңірдің ортақ прогреске бірге ұмтылуының айқын мысалы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қарасты «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов

Бағдарлама соңында қатысушылар өздерінің кәсіби даярлығы мен аналитиктер, басқарушылар және жұртшылық үшін сапалы әрі ашық статистика қалыптастыруға қосқан үлесін растайтын сертификаттар алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -