Меркі ауданында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалды

1155
Фотосурет: Gov

Меркі ауданында ерекше білім беруді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы кабинет ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Меркі ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен ерекше білім беруді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау және олардың сапалы білім алуына тең жағдай жасау мақсатында ауданның №18 жалпы білім беретін мектебінде логопедиялық психологиялық және дефектологиялық қолдау көрсетуге арналған арнайы кабинет ашылды.

Аталған бастама мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -