Астана көгеріп келеді: «Көктал» саябағында 300-ден астам ағаш отырғызылды

1408
Фотосурет: Gov

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада өткен жалпықалалық сенбілік барысында елордадағы «Көктал» саябағына 300-ден аса түп ағаш отырғызылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Ағаш отырғызуға елорда әкімдігі мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. «Көктал» саябағында 300-ден аса түп алма, қайың және басқа да көшет түрлері отырғызылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Сарыарқа» ауданының аумағында 2500-ге жуық ағаш отырғызылды. Сондай-ақ тұрғындарға аулаларға егу үшін көшеттер таратылды», - деді аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев.

Сенбілікте мемлекеттік органдардың, білім беру, Медициналық және мәдени ұйымдардың, ПИК/МИБ өкілдері, сондай-ақ тазалыққа бей-жай қарамайтын тұрғындар белсенділік танытты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -