Мемлекетке қайтарылған активтер өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтуға мүмкіндік берді

3234
Фотосурет: freepik.com

Қазалы ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылдың 2 қазанында Қызылорда облысы Қазалы ауданының Шилі және Шитүбек ауылдарында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға берілді.

Олардың құрылысы прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі А.Есмаханов, аудан прокуроры Д.Әбіш, сонымен қатар қоғам өкілдері қатысты.

Нысандардың іске қосылуы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды және өңірдің әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -