Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.