Астанада ЕАЭО елдерінің үздік зергерлік бұйымдары таныстырылды

1606
Фотосурет: ДГД по городу Астана

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 9-11 қазан аралығында Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кәсіпкерлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке іс-шарасы форматында халықаралық зергерлік көрме өткенін хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара аясында зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер өнімдерін көрсету және сату ұйымдастырылды.

Көрме-жәрмеңке саудасын өткізудің ерекшелігі қолданыстағы салық заңнамасының нормаларын сақтау бойынша талаптар белгіленген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 174 бұйрығымен регламенттеледі.

Осыған байланысты, салық заңнамасын сақтау, ЕАЭО шеңберінде тауарлардың өткізілуін есепке алу және бақылау тәртібі, сондай-ақ кәсіпкерлердің салық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осы іс-шараға қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етті.

Жүргізілген жұмыс кәсіпкерлік қоғамдастықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, қатысушылардың құқықтық хабардар болу деңгейін арттыруға және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -