Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (БДИПЧ) адам өлшемі жөніндегі конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі. Отырыс адам саудасымен күрес пен босқындар және мәжбүрлі қоныс аударушылар мәселелеріне арналды.
Омбудсмен атап өткендей, Қазақстан заманауи құлдықтың түрлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі халықаралық құжаттарды ратификациялаған. Өткен жылы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» арнайы заң қабылданды. Бұл санаттағы қылмыстар үшін ең қатаң жаза – 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі, сондай-ақ дағдарыс орталықтары мен баспаналар жұмыс істейді.
Босқындар мәселесіне тоқтала келе, Артур Ластаев 2009 жылы тиісті заң қабылданып, онда қорғаныс іздеу құқығы мен елден шығармау қағидаты бекітілгенін айтты.
Бұл санаттағы адамдарға медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етілген, ал балалардың азаматтығына немесе ата-аналарының құқықтық мәртебесіне қарамастан білім алуға құқығы бар.