Парламент Мәжілісінде әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

1309
Фотосурет: Ж. Жұмабеков / Мәжілістің баспасөз қызметі

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Айгүл Құспанның төрағалығымен өткен отырысына Қорғаныс министрінің орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев, сондай-ақ отставкадағы генерал-лейтенанттар Бақытжан Ертаев пен Абай Тасболатов қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фотосурет: Ж. Жұмабеков / Мәжілістің баспасөз қызметі

Кездесу барысында елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған шараларға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуы, қорғаныс-өнеркәсіп кешені үшін мамандар даярлау және әскери қызметшілердің жаңа еңбекақы жүйесі сөз болды.

Мәжілістің салалық комитетінің төрағасы Айгүл Құспан өткен сессия барысында Парламент қабылдаған маңызды заңнамалық шешімдерді еске салды. Олар аумақтық қорғаныс, резервтегі қызмет және азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін қамтыған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде әскери қызметшілердің азық-түлік үлесі артты. Сондай-ақ депутаттар Қорғаныс министрлігінің мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтарға білім беру және басқа да жеңілдіктер беру тетігін енгізу жөніндегі бастамасын қолдады.

Фотосурет: Ж. Жұмабеков / Мәжілістің баспасөз қызметі

Отырыста V және VI шақырылымда Мәжіліс депутаты болған Бақытжан Ертаев пен Абай Тасболатов заң шығару саласындағы тәжірибелерін ортаға салды.

Қарулы күштердің ардагерлері әскери қызметшілерді тұрғын үймен, азық-түлікпен қамтамасыз ету және өзін-өзі қамтамасыз ету моделіне көшу мәселелері бойынша ұсыныстарын айтты.

Фотосурет: Ж. Жұмабеков / Мәжілістің баспасөз қызметі

Отырыста айтылған ұсыныстарға сараптамалық баға беріліп, заң жобалары бойынша одан арғы жұмыс барысында қаралатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -