Ұлттық ұланда жеңіл атлетика үздіктері анықталды

1199
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында жеңіл атлетикадан жарыс өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

15 команда қатысқан дода құрамында құқықтық тәртіп әскері Бас қолбасшылығының әртүрлі бөлімшелерінен 60-қа жуық әскери қызметші бақ сынады.

Марапаттау рәсімінде Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы атынан Бас қолбасшының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов жүлдегерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады.

Тартысты күресте Арнайы операциялар орталығының командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Жауынгерлік дайындық бас басқармасының командасы, ал үшінші орынды Жедел бас басқармасының командасы иеленді.

Спорттық іс-шара әскери қызметшілер арасында дене шынықтыруды жетілдіруге және спорттық рухты дамытуға бағытталған.

Жеке біріншіліктің нәтижесі:

35 жасқа дейінгі топ қорытындысы:

  • 1 орын — Арнайы операциялар орталығының әскери қызметшісі;
  • 2 орын — аға лейтенант Санжар Жәнібеков, Артиллерия және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің жауынгерлік қолдану бөлімінің офицері;
  • 3 орын — лейтенант Дастан Мырзағалиев, 6636 әскери бөлімі клубының бастығы.

40 жасқа дейінгі топ қорытындысы:

  • 1 орын — Арнайы операциялар орталығының әскери қызметшісі;
  • 2 орын-ю — майор Қанат Базарбаев, Артиллерия және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің жауынгерлік қолдану бөлімінің аға офицері;
  • 3 орын — капитан Ұлан Борамбаев, "Қалқан" газеті мен "Бүркіт" журналы редакциясының ақпараттық-баспа бөлімі бейнестудия бөлімшесінің бастығы.

45 жасқа дейінгі топ қорытындысы:

  • 1 орын — Арнайы операциялар орталығының әскери қызметшісі;
  • 2 орын — подполковник Талғат Нұрғалиев, Авиация басқармасының аға офицері;
  • 3 орын —подполковник Ринат Жамбулатов, Әскерді даярлау бөлімінің аға офицері.

45 жастан жоғары топ қорытындысы:

  • 1 орын — подполковник Ержан Қощанов, Жанар-жағармай материалдары қызметінің бастығы;
  • 2 орын —подполковник Мұратбек Құдайбергенов, Тіл саясаты және қоғаммен жұмыс қызметінің аға офицері;
  • 3 орын — кіші сержант Алтай Ташкенов, Радио және радиотехникалық бақылау пунктінің аға бастығы.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы жеке құрамның моральдық рухын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және дене шынықтыру мен әскери даярлық деңгейін арттыруға бағытталған осындай жарыстарды тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -