«Бітімгер» оқу орталығында бітімгерлердің халықаралық миссияға дайындық барысы тексерілді

1067
Фотосурет: Gov

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында "Бітімгер" оқу орталығы мен Қорғаныс министрлігіне қарасты білім беру мекемелерінде болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар аясында вице-адмирал Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясы аясында тапсырмаларды орындауға дайындалып жатқан үшінші қазақстандық біріккен бітімгершілік контингентінің даярлық барысымен танысты.

Қорғаныс министрлігінің өкілі оқу орталығының материалдық-техникалық базасын, сондай-ақ бітімгерлердің сапалы дайындық жүргізуіне арналған тұрмыстық жағдайларды аралап көрді.

«Бітімгер» оқу орталығындағы салтанатты сап түзеу барысында Серік Борамбаев қазақстандық бітімгерлердің халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы және елдің әлемдік аренадағы беделін арттырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы туы астындағы бітімгершілік операцияларға қатысу – бұл жаһандық тұрақтылыққа қосылған үлес қана емес, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы жауапты әрі сенімді серіктес екенін дәлелдейді, – деді вице-адмирал.

Сол күні Қорғаныс министрінің орынбасары Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында және Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде болды. Ол оқу орындарының материалдық-техникалық базасымен, оқу процесін ұйымдастыру және курсанттар мен сарбаздардың казармадағы тұрмыс жағдайларымен танысты.

Институтта Серік Борамбаев академиялық ұтқырлық бөлімі мен конструкторлық бюроның жұмысымен танысып, профессор-оқытушылар құрамы мен курсанттардың бірлесіп жүзеге асырып жатқан ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарын көрді. Кейбір ғылыми әзірлемелер қазірдің өзінде Қарулы Күштердің бөлімшелерінде қолданылуда.

Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, әскери-патриоттық тәрбие мен мәдени-демалыс жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -