Солтүстік Қазақстанда егін жинау рекордтық өнімділікпен аяқталуда

1232
Фотосурет: wirestock/freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өңірдің аграрлық сала өкілдері жиналған өнім көлемі мен негізгі дақылдардың өнімділігі бойынша тұрақты нәтижелер көрсетуде. Мәселен, 16 қазан күнгі жағдай бойынша, 2,972 млн гектар алқаптан дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл егіс алқабының 98,2%-ын құрайды. Жалпы бастырылған астық көлемі – 6,17 млн тонна, ал орташа өнімділік гектарына – 20,8 центнер.

Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұған агротехнологияларды жетілдіру, техниканы жаңғырту және өсімдік шаруашылығында жаңа тәсілдерді қолдану сияқты нақты қадамдар ықпал етті. Майлы дақылдарды жинау да табысты жүзеге асуда.

Бүгінгі таңда 684,0 мың гектар алқаптан 791,3 мың тонна өнім жиналды, орташа өнімділік гектарына 11,6 центнерді құрады.

Егін науқаны нәтижесінде майлы дақылдардан 1,0 млн тоннаға дейін рекордтық өнім алу межеленген. Олай болғанда бұл өңір тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болмақ.

Бұл жетістік ел ішінде де, сыртқы нарықтарда да майлы дақылдарға деген сұраныс артып тұрған кезеңде ерекше маңызды. Сонымен қатар, 8,6 мың гектар жерден 135,9 мың тонна картоп жиналды (өнімділік – 158,2 ц/га).

Көкөніс дақылдарының өнімділігі гектарына 137,8 центнер деңгейіне жетті. Дала жұмыстарына заманауи техникалар кеңінен қолданылуда. Науқанға 7 мың астық жинайтын комбайн (оның жартысынан астамы – жоғары өнімді), 12,3 мың трактор, 9 мың тіркеме, 4,5 мың орақ басы (жатка) және 5,6 мың жүк көлігі жұмылдырылды.

Биылғы маусымда осы аймақтың шаруалары 340 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алып, топыраққа енгізді, бұл былтырғымен салыстырғанда (256,6 мың тонна) әлдеқайда көп. Сондай-ақ, 52,5 мың тонна элиталық тұқым себілді, бұл тұқым жаңарту деңгейін 11,2% деңгейінде қамтамасыз етті.

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Даурен Токужиновтың айтуынша, өңірде келесі ауыл шаруашылығы маусымына дайындық басталып кетті. Бұл орайда, 2,258 млн гектар жерге жыртылып, себуге 366,7 мың тонна тұқым дайындалды, бұл жоспардың 80,7%-ы деген сөз.

Орақ науқанының барысында белгілі болғанындай, өңірдің агроөнеркәсіп кешені табысты дамып келеді.

Агротехнологияларды жүйелі түрде жетілдіру, мемлекеттік қолдау және өндірістік тәртіпті сақтау ішкі нарықты қамтамасыз етуге әрі экспорт көлемін арттыруға кең жол ашуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -