Қазақстанда 2,9 миллион тонна картоп және 1 миллион тоннадан астам пияз жиналды

1166
Фотосурет: aleksandarlittlewolf/freepik.com

Қазақстанда 25,9 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,5 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 96,8%-ы жиналды. Нәтижесінде 25,9 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,9 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,5 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 319,3 ц/га өнімділікпен 441,6 мың тонна қырыққабат, 429,4 ц/га өнімділікпен 1029,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,1 ц/га өнімділікпен 379,4 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -