18-19 қазан күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген тауар өндірушілері қатысатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде 190-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астаналықтар мен қала қонақтарының назарына 1 300 тоннадан астам экологиялық таза және сапалы азық-түлік өнімдері ұсынылады: барлық түрдегі ет, шұжық және консерві өнімдері; сүт және сүт өнімдері, ұлттық сусындар; балық пен бал өнімдері; ұн, макарон және кондитерлік өнімдер; көкөніс, картоп, бақша дақылдары және басқа да тағам түрлері.
Барлық өнімдер қолжетімді бағада сатылады.
Жәрмеңкеге Павлодар облысының ірі кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары – «Победа» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Табыс» ШҚ, «BEST MILK» ЖШС, «ЭКО ДОМ» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Мяском» ЖШС қатысады.
Солтүстік Қазақстан облысынан ет, сүт және кондитерлік өнім өндіруге маманданған 110-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін әкеледі. Жалпы жеткізілетін өнім көлемі 1,3 мың тоннадан асады.
Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтары аймақтық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны тамашалай алады.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, №37 және №303 бағытындағы автобустар қатынайды.