Қазақстан Орталық Азиядағы Кипрдің негізгі серіктесіне айналуда

1441
Фотосурет: Gov

Кипр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында К.Комбос қазақ әріптесін тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Кипр сыртқы саяси ведомстволар басшылығының арасындағы тұрақты және сындарлы диалогтың сақталуына үміт білдірді.

ҚР СІМ басшысы көлік, логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, туризм және білім беру сияқты салалардағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін назарға алып, Қазақстанның Кипрмен серіктестік қатынастарды үдемелі түрде нығайтуға мүдделілігін атап өтті.

Осы тұрғыда тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кипр ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылап, халықаралық күн тәртібі және халықаралық пен өңірлік ұйымдар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Өз кезегінде К.Комбос Кипр тарапының саяси диалогты тереңдетуге, іскерлік байланыстар мен алмасуларды кеңейтуге дайындығын растады, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы Кипрдің негізгі серіктесі ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.

Сұхбат қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары сындарлы диалогты жалғастыруға және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген өзара көзқарасты растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -