Польша Шопен байқауын Алматыда өткізуге қызығушылық танытты

2695
Фотосурет: Gov

Польша Республикасы Қазақстанда Фредерик Шопен атындағы халықаралық пианистер байқауын ұйымдастыруға қызығушылық танытты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Польша Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Михал Лабенданың кездесуінде талқыланды.

Кездесу барысында мәдени ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ музыка мен әдебиет саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Аида Балаева екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесі және қазақ тілі мен мәдениетіне көрсетіп келе жатқан құрметі үшін поляк дипломатына алғыс білдірді.

Кездесу кезінде Фредерик Шопен атындағы халықаралық пианистер байқауын Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткізу туралы ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар тараптар мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастықтың өзге де бағыттарын, оның ішінде әдеби шығармаларды қазақ тілінен поляк тіліне және керісінше аудару мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысында екі тарап Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға қызығушылықтарын растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -